Бас тақырып

Жаңа жыл күнгі жанжалдан кейін Приозерск қалалық ІІБ бастығы қызметінен босатылды

Жаңа жыл күні Приозерск қаласындағы дәмханалардың бірінің иесі мен қалалық полиция бөлімі бастығының арасында жанжал туындап, полиция кәсіпкерге жұмыс істеуге тыйым салған. Ал, дәмханада осы уақытта жаңа жыл мерекесіне орай тапсырыстар болған. Кейін әлеуметтік желілерде Приозерск полиция бөлімінің бастығы мен дәмхана иесінің телефон арқылы сөйлескен жазбасы пайда болды. Тәртіп сақшысы кәсіпкерді Жаңа жыл күні жабылмаса, түрлі тексерулер жүргіземіз деп қорқытқан.

Аталмыш жайтқа байланысты Қарағанды облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, нәтижесінде полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.

– Прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі бизнесті, оның ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының заңсыз араласуынан қорғау болып табылады. Приозерск қаласының прокуроры қалалық полиция бөлімінің бастығы бақылау және қадағалау органдарының тексерулерімен қорқытып, мейрамхана әкімшісіне Жаңа жыл түнінде жұмыс істеуге дөрекі түрде тыйым салған бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығын шектеуге қатысты талаптарының бұзылғаны анықталды, – деп хабарлайды Қарағанды ​​облысының прокуратурасы.

Нәтижесінде тәртіптік комиссия Приозерск қалалық ІІБ бастығын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазір тиісті материалдар ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданды. Одан бөлек аталған полиция басқармасының тағы 5 қызметкері де қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button