Жаңалықтар

Жаңа жоба – жастар үшін

    Былтырғы ақпанда Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі ел аумағында Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру жөніндегі грант келісімін ратификациялаған болатын. Бұған бүгінде ҚР Білім және Ғылым министрлігі атсалысып отыр. Алдағы уақытта қанатқақты жоба Қарағанды, Павлодар, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық режимде іске асырылады. Бұл жөнінде жобаны үйлестіру агенттігінің басшысы Вера КИМ мен Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас ҚҰТТЫБАЙ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қарағанды облысында жастар корпусын дамыту жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру барысында бағдарлама шеңберінде облыстың 18-ден 29 жасқа дейінгі жас азаматтары өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобаларды басқару оқыту бағдарламасына, жастар жобаларын қаржыландыру бойынша гранттық бағдарламаға конкурстық негізде қатысуға мүмкіндік алатындығын атап өтті.

Жобаның мақсаты – жастардың, әсіресе осал топтардың қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы олардың өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту болып табылады. Бүгінде Қарағанды облысының өзінде 7100 жұмыссыз жас бар. Бұл жұмыссыз азаматтардың 5 пайызын құрайды. Жаңа жоба жастарға жарқын болашақ сыйлайтындығына сенімдімін, – деді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас Құттыбай.

Сонымен қатар, Жобаны үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким:

Жоба алғашқы рет іске асырылуда. Қазақстанда ұқсас жобалар болған емес. Біз жоба арқылы жастарды жұмыс берушілер арасында талап етілетін және қоғам үшін пайдалы болатын дағдыларға – сыни тұрғыда ойлау, эмоциялық интеллект, адамдарды басқару, шығармашылығын дамытып басқа бағыттарда да оқытамыз. Қазақстан жастары классикалық білім беру бағдарламасына кірмейтін, бірақ, табысты технологиялық үрдіс ілгері ғасырда бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін білім алады. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін жастар топтарына гранттар және әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну сияқты қолдаулар көрсетіледі. Мамыр айына дейін жобаның әлеуетті қатысушыларын іріктеу бойынша конкурстар өткізілетін болады. Толықтай ақпарат алу үшін +877012278958 телефон нөміріне хабарласыңыздар, – деді.

Жоба туралы сұрақтарға жауап берген спикерлер тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және жастармен кері байланыс тетігін іске асырылатындығын айтты.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button