Жаңа телеарна – қазақ тілінде
1 наурыз күні қазақстандықтарға алғаш рет мемлекеттік тілде шетелдік телеарна контенті ұсынылды. Телеарнаның даму болашағы, сондай-ақ, OTAU TV абоненттерін қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғаны туралы «Қазтелерадио» АҚ Қарағанды облысы филиалының директоры Арман Қайрылбайұлы ЖҰМАБАЕВ әңгімелеп берді.
– Арман Қайрылбайұлы, көктем келісімен көрермендер қызықты контентпен жаңа телеарнаны ана тілінде көру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде жаңа «Discovery Showcase HD» телеарнасын іске қосудың қандай тарихы, себептері мен мақсаттары бар?
– Себептері бірнеше және ең бастысы – біздің қазақстандық көрермендерге мүмкіндігі және сапасы жоғары бірегей қызықты контентті ұсыну.
Оператор нарыққа жаңадан шыққан уақытта қазақстандықтардың елеулі бөлігі аналогтық сападағы үш-төрт телеарнаға қол жеткізсе, ал, көпшілігіне, тіпті, олар да қол жетімді болмады. Сондықтан, цифрлық жерсеріктік телевизия республика халқының арасында жоғары сұранысқа ие қызмет.
Одан әрі нарық дамуы өз түзетулерін енгізді. Телехабар таратудың жаңа стандарттары пайда болуына байланысты, HDTV-ны дамыту және шетелдік өндірістегі арналарды енгізу қажет болды. Бірақ, ешқашан басты мақсат өзгерген емес – ол ауыл және қала халқының арасындағы ақпараттық теңсіздікті қысқартып, барлық азаматтарды цифрлық телевизиямен қамтамасыз ету еді.
– Ал, телеарнаның ұстанымы қандай? Осы телеарнасының ерекшелігі неде?
– «Discovery» телеарналар топтамасы бұрыннан көрермендер арасында танымал. Олардың табысқа қол жеткізуінің кепілі жоғары сапалы контент, кең танымал бағдарламалар мен ең қызықты киноленталар болды. Жаңа телеарна бүгінгі таңда OTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісі топтамасында бар телеарналарды біріктіреді: «Discovery Channel», «Animal Planet», «TLC», «Discovery Science» және «ID Xtra». Бұл ретте үздік танымдық ойын-сауық контенті HD сапада қолжетімді.
Сонымен қатар, арна көрермендерге эксклюзивті материалдарды көруге жол ашады, және оны тек «Discovery Showcase HD» телеарнасынан ғана көруге болады.
– «Discovery Showcase HD» телеарнасының көрермендері кім? Қандай аудитория үшін әзірленді?
– «Discovery Showcase HD» телеарнасы кез келген жас тобы үшін арналған. Бірақ, 1,2 миллион көрермен үй шаруашылығында, яғни, 70 пайыз OTAU TV абоненттері ауылдық жерлерде шоғырланған және халықтың басым бөлігі қазақ тілінде сөйлейтінін атап өткен жөн. Қазір барлық қызықты контент: ғылыми-танымал және деректі фильмдер, табиғат пен қоршаған орта туралы, тұлғаның жетістіктері мен түрлі құрылымдары ана тілімізде қолжетімді. Бұл біздің бүкіл ел үшін өте үлкен жетістік деп есептеуге болады.
Теледидар ақпарат пен білім көздерінің бірі болып табылады. Және арналардың осындай контентпен мемлекеттік тілде болуы Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
– Қандай бағдарламалар қазақ тілінде қолжетімді және қандай мерзімде?
– Қазіргі кезеңде көрермендерге сағат 18:00-ден 24:00-ге дейін бағдарламалар қазақ тілінде ұсынылған. Олардың саны бірте-бірте ұлғайып, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап барлық контент толығымен қазақ тілінде болады. Миллиондаған көрермендердің сүйіктісіне айналған: «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану», «Таңғаларлық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламаларын бүгінде қазақ тілінде көруге болады.
– Сіз контент HD сапада қолжетімді дедіңіз. Яғни, қолдағы құрылғыны HD сапаны қолдайтын жабдыққа өзгерту қажет болып табылады ма?
– Жабдықтарды ауыстырудың қажеті жоқ. OTAU TV абоненттері үшін телеарна HD және SD форматтарында (батырма №126 HD және №102 SD сапада) қолжетімді. Ал, жабдықтары HD сапасын қолдамайтын абоненттерге стандартты сапада пайдаланған тиімді болады.
– OTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісінде HD сапада қолжетімді басқа да арналар бар ма?
– 1 наурыздан бастап OTAU TV желісінде ғылыми-танымдық фильмдер, негізгі мазмұны ғылым, табиғат, тарих және мәдениетке қатысты, танымалдығы кем емес «National Geographic HD» телеарнасы HD сапада іске қосылды.
– Ал, егер, мен осы бағдарламаларды басқа тілде көргім келсе, ол мүмкін бе?
– Әрине, жаңа арна бағдарламаларын тек ғана қазақ тілінде ғана емес, сондай-ақ, ағылшын және орыс тілдерінде де көруге болады. Ол үшін пульттің көмегімен параметрлерінен тілді өзгерту қажет.
– Жаңа телеарна кандай топтамада қолжетімді?
– «Discovery Showcase HD» телеарнасы «Толық» ақылы арналар топтамасында тек ұлттық OTAU TV жерсеріктік телевизиясы абоненттері үшін ғана қолжетімді болып табылады.
– OTAU TV жабдығын орнатқысы келген адам орнату үшін не істеу керек?
– Біздің өңірде OTAU TV қызметтеріне қосылу үшін дилерлер желісі бар. Абонент Қарағанды қаласындағы Сату орталығы бөліміне Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14а үй мекен-жайы немесе 8 (7212) 413-414 телефоны бойынша тапсырыс қалдыруы қажет. Сондай-ақ, тапсырысты www.otautv.kz веб-порталында онлайн қалдыруға болады. Қалдырылған тапсырыс әрі қарай дилерге жіберіледі. Жұмыстың жүзеге асырылуын біз қадағалап отырамыз. Сізге ыңғайлы уақытта дилер келіп орнату жұмыстарын жүргізеді.
– Орнатылатын жабдық қандай құрылғылардан тұрады?
– Жиынтықтар тізіміне жерсеріктік қабылдау антеннасы, конвертор, цифрлық қабылдағыш (ресивер) пен кабель кіреді.
– Ақылы топтамада қанша арна бар? Олардың бағасы қанша? Ақылы топтаманың бағасы көтерілді ме және қазақ тілінде жоғары HD сапада сүйікті шоуларды тамашалау үшін абонент қанша төлеуі қажет?
– Ақылы топтаманы пайдаланушылар «Толық» топтамасына жаңа телеарналардың қосылуын есептегенде бүгінде қазақстандық және рейтингі жоғары шетелдік 122 телерадио арналар: фильмдік, ақпарат және жаңалықтар, ойын-сауық, тарихи, географиялық, балаларға арналған арналар цифрлық сапада қолжетімді. Ақылы топтаманың құны 2500 теңгені құрайды. HD сападағы телеарналар үшін бөлек төлем алынбайды, яғни, ақылы топтаманың құны қымбаттаған жоқ.
– Сіз ел халқы үшін жоғары сапалы контент бар екендігі туралы көп айттыңыз. Ол қызықты контентті телеарналарды тарату мүмкіндігіне қол жеткізген күнде де олар ақылы топтамаға енеді. Егер, бұл арналар тегін топтамада хабар таратса жақсы болар еді.
– Бұл қалыпты нарықтық тәжірибе болып табылады. Мұнда сіз журналист ретінде материалды дайындайсыз, ол сіздің аудиторияңыздың кеңеюіне ықпал етсін деп оны қызықты етуге тырысасыз. Әрине, ол үшін сіз қаламақы аласыз. Бізде де солай: «Discovery Network» – ақылы телевизия саласында әлемдегі жетекші хабар таратушы компания. Ол өз саласындағы көшбасшылығын сақтау үшін үнемі шынайы өмірге негізделген контентті өндіруді қаржыландырып отырады. Мақсаты – жаңалықтарды жасау, таң қалдыру, шабыттандыру және тәрбиелеу болып табылады. Компания жүйелі түрде контент өндірісін қаржыландырады кейіннен оны тарату құқығымен операторларға ақылы түрде ұсынады.
– Неліктен тұтынушыларға арналардың бүтін топтамасын ұсынады? Ал, мен тізімнен бір немесе бірнеше арналарды таңдап алып, солар үшін ғана төлем жасай аламын ба?
– Қазіргі сәтте арналар топтамасын абоненттің өтініші бойынша қалыптастыру қызметі техникалық себептерге байланысты мүмкін емес. Болашақта, бәлкім, осындай қызметке қол жеткізуге болады.
– Ақылы топтаманы қосуға акциялар немесе жеңілдіктер болады ма?
– «Қазтелерадио» АҚ үнемі «OTAU TV»-дан акцияларын өткізіп отырады. Мысалы, өткен жылы OTAU TV абоненті науқанға қатысып автокөлік ұтып алды. Іс-шараның шарттарына сәйкес 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге «Толық» арналар топтамасына қосылуы қажет болатын. Сондай-ақ, осы іс-шара шеңберінде тоңазытқыш, «iPhone 6», екі адамға арналған Гоа аралына жолдама және басқа да көптеген сыйлықтар ойнатылды. «Алақандағы қала» акциясының қорытындысы бойынша OTAU TV абоненттері отандық телерадио хабарларын таратудың жүрегі, аты аңызға айналған «Көктөбе» телемұнарасына саяхаттап, теледидар экрандарына сурет және дыбыстың қалай берілетінін өз көздерімен көрудің бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Қазіргі таңда тұрмыстық техникалық «Технодом» дүкендер желісінен OTAU TV жерсеріктік жабдықтарының толық жиынтығын сатып алсаңыз, сіз 3 ай мерзімге «Толық» арналар топтамасын тегін тамашалай аласыз. Сондай-ақ, өңірлік абоненттік бөлімдерде (сату орталықтары) абоненттер үшін тұрақты акциялар мен ұтыс ойындарды өткізіліп тұрады және де ақылы топтаманы жеңілдікпен қосуға болатын төлем карталары сатылады. Шын мәнінде акциялар жиі өткізілетіндіктен, оларды тізіп отыру мүмкін емес. Ағымдағы акциялар туралы ақпаратты www.otautv.kz сайтынан немесе әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылу арқылы біле аласыздар.
Жалпы, мазмұнды кеңейту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жетілдірудеміз, біз өз абоненттерімізге ең жақсы беруге тырысамыз. Бізбен бірге болыңыздар.
Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет.
Сұхбаттасқан
Нұрқанат
ҚАНАФИН.