Жаңалықтар

Жаңа технологиялар платформасы

     Қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар адам өмірінің, оның ішінде денсаулық сақтау саласының түрлі тармақтарында өндірістік үдерістерді басқару және қызметті автоматтандыру мүмкіндігін береді.

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жаңғырту саясаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылуда. Ақпараттық жүйелерді пайдалану өздігінен қазақстандық денсаулық сақтау саласы үшін инновация болып табылмайды. Әр түрлі автоматтандыру деңгейіндегі ақпараттық жүйелер еліміздің медициналық ұйымдарына бұрыннан бастап енгізіле бастады, алайда, аталған процесс әртекті және бірлеспеген және түпкілікті пациенттің мұқтаждықтарына бейімделмеген болатын. Электронды денсаулық сақтаудың жаңа архитектурасының негізгі компоненттерінің бірі Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді ақпараттандыру және интероперабельділігін қамтамасыз ету платформасы (Интероперабельділік платформасы) болып табылады. Интероперабельділік платформасын енгізу пациенттің мұқтаждықтарына бейімделген қауіпсіз, әділ, жоғары сапалы және тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ету үшін медициналық көмекті үздіксіз көрсету, денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, өзекті, нақты және толық ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау мүмкіндігін береді. Қазақстан Республикасының электронды денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізге алынатын қағидаттарының бірі «пациентке бейімделу» болып табылады. Яғни, оны іске асыру үшін пациентке медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасы азаматының электронды денсаулық паспорты қолданылуы және бұл қолжетімді болуы тиіс. Электронды денсаулық паспорты пациенттің ел ішіндегі медициналық ұйымдарда тексеруден өту және ем алу нәтижелері, оның ішінде бұрын ауырған аурулары мен созылмалы аурулары, дәрілік заттар мен басқаларға аллергиялық реакциясының бар жоғы туралы электронды деректер кешенінен тұрады. Аталған ақпарат Интероперабельділік платформасының құрамына кіретін бірыңғай электронды денсаулық паспорты репозиторийінде сақталады және медицина қызметкерлеріне қолжетімді болады. Пайдаланушылардың Интероперабельділік платформасында сақталатын ақпаратқа қолжетімділігі мынадай жеке электронды денсаулық сақтау кабинеттерінің көмегімен ұйымдастырылатын болады: – пациенттің жеке кабинеті; – денсаулық сақтау қызметкерінің жеке кабинеті. Пациенттің жеке кабинеті пайдаланушыға оның электронды денсаулық паспортындағы дербес деректеріне, сондай-ақ, қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру және басқа да денсаулық сақтау саласының электронды қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Пациенттің жеке кабинетіне пациенттің денсаулығына байланысты (мысалы, жоспарлы тексеру, қарау, егу) іс-шараларды өткізу қажеттігі туралы хабарламалар түсетін болады. Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкердің жеке кабинеті пациенттің электронды денсаулық паспортымен өзара іс-қимыл жасау, электронды жолдамалар мен тағайындауларды басқару арқылы қызметкер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндігін беретін, сондай-ақ, талдамалық және статистикалық ақпаратқа, денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері мен индикаторларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін виртуалды кеңістік болып табылады. Операциялық және талдамалық есептілік автоматтандырылған түрде әртүрлі көздерден жиналған және деректер үлгісіне сәйкес құрылымдалған деректер негізінде қалыптастырылады. Электрондық денсаулық паспортын жүргізу процесінің дұрыс жұмыс істеуі және есептілікті қалыптастыру денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерімен, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелермен, Интероперабельділік платформасымен ықпалдасуды талап етеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электронды денсаулық сақтау кеңістігі құрылады. Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау олардың интероперабельділігін қамтамасыз етуді, яғни семантикалық үйлесімділікті сақтап қалумен клиникалық және клиникалық емес деректермен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етеді. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Интероперабельділік платформасы халықаралық деңгейде танылған, стандартталған тәсілдемелерге негізделген ықпалдасу тетіктерін пайдаланады. Интероперабельділік платформасының құрамына Қазақстан Республикасының электронды денсаулық сақтау саласындағы барлық қатысушылар үшін ақпараттық объектілердің – анықтамалықтар мен жіктеуіштердің, тіркелімдердің (пациенттердің, медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының және басқалардың) бірыңғай эталондық мағынасын қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық компоненттер кіретінін қосымша атап өту қажет. Сондай-ақ, Интероперабельділік платформасының құрамында ақпараттық ресурстар мен деректерді сыртқы және ішкі қауіптерден қорғайтын ең заманауи ақпараттық қауіпсіздік құралдары мен рәсімдер іске асырылады. Интероперабельділік платформасы медициналық көмек көрсету және басқару шешімдерін қабылдау сапасын жоғарылату және пациентті оның денсаулығы туралы кешенді ақпаратпен, дербестендірілген нұсқаулармен және ескертулермен қамтамасыз ету мүмкіндігін беруге арналған тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде құрылған іргелі жобалардың бірі болып табылады.

Сайын ШАЙХИЕВ,

Әділбек САҒАДИЕВ,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК.

Материал «Егемен Қазақстан» газетінен алынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button