Жаңаарқа

Жаңа міндеттер жүктеді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай, аудан әкімі Ғабдрахман Омаровтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Аудан басшысы Елбасының бағдарламалық мақаласының жариялануы соңғы күндерде ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғаның бірі болғанын тілге тиек етті. Елбасы экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамытудың рухани бағдарламасын ұсынған.

Бұл мақала барша қазақстандықтардың, оның ішінде, жаңаарқалықтардың ыстық ықыласына ие болды. Президент мақаласында Қазақстан халқының таяуда Үшінші жаңғыру жолына түскенін еске салды. Біз отандық тарихтағы жаңа лептің куәгері болдық, ол қоғамның ұлттық санасын жаңғыртуы тиіс. Бұл бағдарлама – ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, рухани даму бағытымыз айқындалған. Ұлт Көшбасшысы қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екендігін айтты. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларды жүзеге асыру, – деді аудан әкімі.

Жиында аудандық Ардагерлер кеңе­сінің төрағасы, еңбек ардагері Ғалым Төтеев, аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұргүл Орынбасарова және аудандық С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың әдіскері Гүлмайра Жақұпова ой-пікірлерін білдірді.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button