Жаңалықтар

Жаңа мектеп салынады

Теміртауда дарынды балаларға арналған мектеп салынады. Осы мақсатта облыс бюджетінен 460 миллион 800 мың теңге қаражат бөлінді.

Теміртауда оқушылар арасында өткен соңғы олимпиада қаладағы дарынды балалар санының көптігін көрсеткен. Теміртау қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Аймангүл Садықованың айтуынша, дарынды балаларға арналған мектеп қаладағы тоғызыншы шағын ауданда бой көтереді. Қазіргі таңда билік салынғалы жатқан ғимаратты жылу жүйесімен қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруда.

Білім бәсекелерінің нәтижелері көрсеткендей, осы қаладағы көптеген оқушылар түрлі пәндер бойынша білім деңгейлерінің жоғары екендігін айқындап келеді. Әсіресе, Теміртаудағы №5 білім ошағы мен лицейде білім алып жатқан дарынды балалардың саны артқан.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button