Жаңалықтар

Жаңа көліктерге сұраныс артып келеді

Салоннан жаңа автокөлік алу – бәрінің арманы. Алайда, жаңа автокөлік алмақ болсаңыз, қызметкерлер көлік бағасының 30%-ын алдын ала төлеу қажеттігін айтады. Мұндай ережені автосалондағы мамандар өздері ойлап шығарған деседі. Ал, бұл қаншалықты заңда? Бұл сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап қатты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

– Сіз айтып отырған мәселені мен де естідім. Қазір автосалондар жаңа өзгерістерді енгізіп жатыр. Қазір біз мемлекеттік басқару органдармен мұның кімнің құзыретіне қарайтытыны ақылдасамыз. Кейін ресми түрде бұл мәселеге қатысты жауап береміз, – деп атап өтті министр.

Бүгінде Kia, Huyndai сынды көлік түрлері сұранысқа ие. Ал, сұранысқа ие болса да 4% автонесиемен берілмейді. Одан бөлек, 4%-бен берілетін басқа автокөлік түрлері автосалондарға жетпей жатыр.  

– Былтыр біз 80 мыңнан астам, биыл 11 айдың ішінде 90 мыңнан астам көлік шығардық. Жылдың аяғына дейін 110 мың көлік шығарамыз. Келесі жылы бұл көрсеткішті 135 мыңға дейін көтеру жоспарда бар. Өйткені халық арасында сұраныс көп. Мемлекет басшысы Алматыға барғанда жаңа 3 зауыт құрылысының бірінші кірпішін қалады. Онда Қытайдың 3 мықты зауыты ашылады деген жоспар бар. Бұл да өз үлесін қоса ма деп ойлап отырмыз. Зауыттар 1,5 жылдың ішінде салынады. Kiа мен Huyndai көліктері автосалондарда қашан болады деген мәселеге тоқталсам. Мен сенбіде Қостанайда жиналыс өткіземін. Сонда нақты айтуға сізге тырысамын, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Басқа материалдар

Back to top button