Білім ошақтарында

Жаңа ғимарат – жаңа мүмкіндік

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢААРҚАЛЫҚТАР ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БАСТАЛҒАЛЫ ТҰР. ОЛАЙ ДЕЙТІНІМ, ОҚУШЫЛАР ҮЙІ ЖАҢАРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ. ҒИМАРАТТА РОБОТОТЕХНИКА, ҚЫШ ШЕБЕРЛІГІ, STEM-ЗЕРТХАНА ЖӘНЕ ТЕЛЕСТУДИЯ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛЫП, ҚАЖЕТ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ.

Оқушылар үйі 288 баланы қосымша біліммен қамтамасыз етпек. Мұнда 6 жастан 17 жасқа дейінгі ниет білдірушілер келіп, бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Ал, сабақтар аптасына екі мәрте 40 минуттан өткізіледі.

– Оқушылар үйі өте кең, жарық, жаңа техникалық құралдармен жабдықталған. Онда сапалы білім алу, балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және танымдық ынталандыру үшін қажеттің бәрі бар. Заманауи секциялар өскелең ұрпақтың сұранысын қанағаттандыра алады және таланттарды ашуға, даралықты көрсетуге, сондай-ақ, болашақта мамандық таңдауға көмектеседі, – деп мәлімдеді жаңа ғимарат туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ғимаратта робототехника, информатика және компьютерлік графика, көркем еңбек кабинеттері, телестудия, жасыл технологиялар кабинеті және акт залы бар. Балалар үшін 5 интерактивті панель, 28 ноутбук, 3 компьютер орнатылған. Әр секцияда 12-15 адам жұмыс істейді. Қазір балаларды секцияларға жазу басталды. Ол үшін mindal.24 сайты арқылы тіркеуі шарт. Ал, сабақ 15 қыркүйектен басталады.

Нұргүл ШАМАЕВА, №132 тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button