Теміртау

Жаңа дәмхана іске кірісті

Жергілікті билік аудан кәсіпкерлеріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолға алынған жобалар саны күн санап артуда. Жақында аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН жаңадан ашылған дәмханаға арнайы барып, нысанның жұмысымен танысты.

Жеңіл және жылдам дайындалатын тағамдар әзірлейтін дәмхананың иесі – жеке кәсіпкер Гүлшахра Кәдірбаева. Жас кәсіпкер дәмхананы ашу үшін аудан әкімдігінің қолдауымен жер алып, ісін бастауға 3 млн. теңге қаражат жұмсады. Алдағы уақытта бизнесін кеңейту үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жеңілдетілген несие алуды жоспарлаған Гүлшахра Қалиқызы, әзірге, екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Мен сияқты ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына, облыс және аудан басшылығына шексіз алғысымды білдіремін, – дейді Гүлшахра Кәдірбаева.

Индира РАХЫМБАЕВА,

 ЖАҢААРҚА ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button