Теміртау

Жаңа басылым жарыққа шықты

Теміртауда «Аptalyq gazeti» атты жаңа қоғамдық-саяси, ақпараттық-сараптамалық газет жарыққа шықты. Аталмыш газет халықтың талап-тілегін, мұң-мұқтажын, ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізуге күш салатын болады.

«Аptalyq gazeti» басылымының бас редакторы Наталья Варнавскаяның айтуынша, газет қалалық жерлерде азаматтық қоғамды дамыту, жергілікті жерде өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру, жемқорлықпен күреске бұқара халықты жұмылдыруға жұмыс жасайды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдардың мәселелерін көтеру, денсаулық сақтау және білім беру салалары жұмыстарының көрсеткіштерін, кемшін тұстарын жарияламақшы. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнестің, қарапайым еңбек адамдарының, жастардың мәселелерін көтеру, аналар мен ардагерлерді құрметтеу сынды қоғам өміріндегі маңызды міндет-межелерді басты назарға алу ниетінде.

– Біз аға ұрпақ өкілдеріне ерекше сый құрметпен қараймыз. Газет бетінде олардың мәселелерін де қамтуға тырысамыз. Теміртау қаласында болып жатқан бар өзгерісті қаламымызға арқау етіп, қала тұрғындарын уақытында хабардар етуге жұмыла жұмыс жасаймыз. Біз ешкімді қолдамаймыз, тек шындық үшін жұмыс атқарамыз. Оқырман назарына бір аптадағы ең қызықты деген жаңалықтар мен ақпараттар ұсынамыз, – дейді «Аptalyq gazeti» газетінің бас редакторы.

Аптасына бір рет шығатын газеттің кезекті санында азықтүлік өнімдерін ең төмен бағада ұсынатын дүкендердің мекен-жайлары туралы мәліметтер, теледидар бағдарламасы, жеке хабарландыруларға орын берілмекші. «Аptalyq gazeti» – бұқараның көзі мен құлағына айналсын демекпіз.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button