Жүз жыл сақталған әтір
Сәкен СЕЙФУЛЛИННІҢ тұтынған заттарының бірі – ғасырға жуық сақталған әтір құтысы мен қорабы. Қазір Астанадағы С.Сейфуллин мұражайында тұр. Қорабы мен құтысы көздің жауын алғандай, сол күйі сақталған. Құты түбінде аздаған әтір қалдығы да бар.
Сәкен әтір сепкенді ұнатқанын Сәбит Мұқанов есте ліктерінде жазады екен. Құйтақандай ғана әтір ыдысы басқа жәдігерлерге сүйкімді реңк сыйлайды. Әдемі әтір қорабын көрген жан таңданысын жасыра алмай тоқталады деседі. Өйткені, ғасырға жуық сақталған әтір қорабы мен құтысының әлі күнге дейін сыны да, сыры да кетпеген. Тіпті, иісін де жоғалтпаған. Ақын өзі бір сапарында Мәскеу дегі «Синторг» дүкенінен сатып алып келсе керек. Аузы бұралып жабылатын болғаны байқалады, бірақ, қақпағы жоқ. Шүберек қиындысымен ораулы. Әтір құтысы арнайы дөңгеленіп жасалған қондырғыға орналастырылған. Қорабы үстінен кигізіледі. Сыртында ағаш бұтасында отырған құстың суреті, төменгі жағында «JEGE MOSKAY» деген жазу бар.
Жәнібек ӘЛИМАН.