Ресми

Жұмыспен қамту – жүйелі

2020 жылы халықтың барлық әлеуметтік қорғалмаған топтарына кешенді қолдау көрсетілді. 2017-2021 жылдарға арналаған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 7,5 млрд. теңге бөлініп, 50 478 адам жұмыспен қамту шараларына жүгініп, 43 591 адам жұмысқа орналастырылды.

«Еңбек» бағдарламасы – ел игілігіне

«Еңбек» бағдарламасы бірінші бағытының аясында кәсіптік оқытуға 1783 адам жіберілді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2 409 адам оқытылды. Жеңілдетілген шағын несиелеумен бағдарламаның 1 161 қатысушысы қамтылды, оның ішінде өз ісін ашуға мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, саудаға, жүк және жолаушылар тасымалына 799 шағын несиелер берілді. Бастапқы бизнесті іске асырушыларға немесе іске асыруды жоспарлаушыларға қайтарымсыз негізде 555,6 мың теңгеден 1 531 мемлекеттік грант бөлініп, мал шаруашылығына, құрал-саймандар, еңбек құралдары мен жабдықтар сатып алуға жағдай жасалды.

Үшінші бағыт бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында субсидияланатын жұмыс орындарына 11 000 адам, яғни: әлеуметтік жұмыс орындарына – 779, жастар тәжірибесіне – 1 436, қоғамдық жұмыстарға 8 785 адам жұмысқа орналастырылды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында ақпараттық түсінік жүргізілді.

«Еңбек» бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнероликтер мен аудиороликтер дайындалып, телеарналарда 1 988 рет және радиода 2 156 рет жарияланды. Сонымен қатар, дайындалған бейнероликтер мен аудиороликтер екі әлеуметтік желіге орналастырылды, жарияланымның жалпы саны – 168. Сондай-ақ, облыстық БАҚ-қа 25 жаңалық сюжеті мен мақала шықты.

Жол картасы қабылданды

ҚР Президентінің тапсырмасымен қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспенқамтудың жол картасы қабылданды.

Жол картасын іске асыру жұмыссыздықтың жаппай өсуіне жол бермеуге, сондай-ақ біраз уақытқа жұмыста болмағандарға өз құзыреттілік дағдыларын сақтауға мүмкіндік берді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында халықты жұмыспен қамту әлеуметтік-мәдени нысандарды салу, күрделі, ағымдағы жөндеу және қайта құру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылымы, елдімекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.

Облыс бойынша 62,0 млрд. теңге сомасына 15 749 жұмыс орны құрылып, 624 жоба іріктелді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы облыстың 140 елдімекенінде жүзеге асырылды (33%). Жол картасын іске асыру кезеңінде 16 017 адам (101,7%) жұмысқа орналастырылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар 8 033 адам немесе 50,2%.

612 жоба немесе 98,1% аяқталды (624 жоба, оның ішінде – 12 ауыспалы).

Барлық қабылданған шараларды іске асыру жұмыссыздық деңгейін былтырғыжылдың 3 тоқсанында – 4,6%-ға сақтауға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік төлемдер – елдің әл-ауқатын арттыруда

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа форматы енгізілді. 2020 жылы облыс бойынша АӘК алушылар саны 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есе төмендеді, (2019 ж. – 60,0 мың адам, 31.12.2020 ж. – 25,0 мың адам) бюджет қаражатының шығыстары 3,7 есе төмендеді (2019 ж. – 6,64 млрд. теңге, 2020 ж. – 1,8 млрд. теңге).

2021 жылдың 1 қаңтарына әлеуметтік төлемдерге 1 865,5 млн. теңге бюджет қаражаты жұмсалды, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 24 925 адамға жалпы сомасы 1 826 млн. теңге және тұрғын үй көмегі 2 700 отбасына жалпы сомасы 39,4 млн. теңге төленді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан 46 760 теңгеден – 186 862 теңгеге дейін (4 баладан 15 балаға) сараланған мөлшерде төленеді. Аталған көмекті 15 мыңнан астам (15 701) көпбалалы отбасы алуда.

Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосымша азық-түлік тұрмыстық жиынтық түрінде қолдау шаралары көрсетілді. Жергілікті атқарушы органдар бұл көмекті шоттарға ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырды. Көмектің бір адамға мөлшері 5 567 теңгені құрады.

Жалпы, аталған көмек 1,9 млн. теңге сомасына 80 мыңнан астам адамға төленді.

Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарды қолдау шараларының бірі 42,5 мың теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем болып табылады.

Төтенше жағдайдың бірінші кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің табысынан айырылған қатысушыларға әлеуметтік төлемдер үшін 18 млрд. 763,7 млн. теңге сомасында 441 499 адамға төленді.

Тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 123 552 адамға 8,05 млрд. теңге сомасында әлеуметтік көмек тағайындалды.

Сондай-ақ, «Біргеміз» қоры арқылы облыстың 57 729 тұрғынына 2,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндіктер ұсынылды

Облыста ерекше қажеттілігі бар 67 мыңнан астам (67 388) тұлға тұрады, бұл облыс тұрғындарының жалпы санының 4,9%-ын құрайды (1 378 863 адам).

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдауға 1,4 млрд. теңге қаражат бөлінді.

2020 жылы 14 мыңнан астам (14 643) адам денсаулығын қалпына келтіру үшін демалу және сауықтыру орындарының қызметімен, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдарын және әлеуметтік қызметтерді өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін «Әлеуметтік қызметтер порталы» ААЖ автоматтандырылған жүйесін енгізді.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 557 техникалық оңалту құралдарына тапсырыс беріп, алды.

Сондай-ақ, пилоттық режимде порталға 3 қызмет аударылды: жеке көмекшінің, ымдап сөйлесу маманының қызметтері, демалу және сауықтыру орындарының қызметі. Нәтижесінде, облыстағы 10 мүгедек адам шипажайды өз қалауы бойынша таңдай алды.

Аймақта 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, 1 күндізгі бөлімше, 1 оңалту орталығы, 70 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 3 өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен 9 963 адам қамтылды. Оның ішінде 1 602 мүгедек бала; 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар 2 064 тұлға, 5 800 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер. Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығымен 259 адам қамтылды және орталықтардың жанында әлеуметтік патрульдің мобильді қызметтері жұмыс істейді.

2017 жылы іске қосылған Қарқаралы қаласындағы 64 төсек-орынға есептелген мүгедектерге арналған оңалту орталығы 2020 жылы арнаулы әлеуметтік қызметпен 238 адамды қамтыды.

Көші-қон мәселесі көштен қалған жоқ

Халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Басқарма «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «қандас мәртебесін тағайындау немесе ұзарту» 2 мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Басқарма 2020 жылы 595 мемлекеттік қызмет ұсынды, оның ішінде 314 – шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша, 281 – қандас мәртебесін тағайындау бойынша.

2020 жылы Облыстық үшжақты комиссияның 5 отырысы және оның жұмыс тобының 6 отырысы өтті.

Жыл бойы тараптар 22 мәселені дайындап, қарады, оның ішінде 13-і әлеуметтік еңбек сипатындағы мәселелер.

Басқарма өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2021 жылға міндеттер қойды, осы міндеттердің аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске асыру аясында жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

Әсем ЖҮНІСПЕКОВА,

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button