Шет

Жұмыс тобы халық арасында

   Облыс прокуратурасының бастамасымен облыс аумағында «Халық сенімі» екі айлық жобасы қолға алынды. Акция алты бағытта жүргізілмек. Шараға облыстық басқармалар мен департаменттердің жауапты мамандары тартылған.

Апта басында облыс прокуратурасының бөлім бастығы Бекзат Ахметов бастаған арнайы жұмыс тобы Шет ауданына келді. Аудандағы мекемелер басшыларымен, қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен және тұрғындармен кездесті.

– Кез келген жан прокуратураға өзі келіп, реніш-наразылығын айта бермейді. Алайда, осылай кездесіп, сөйлесе қалсаң, көкейдегісін ақтара бастайды. Сондықтан, «Ашық есік күндерін» ұйымдастырудан бөлек, үй-үйді аралап, тұрғындар пікірін білу де жоспарымызда бар. Дегенмен, бірінші кезекте төлқұжатсыз жүргендер, азаматтығы жоқтар, мигранттар, діни-экстремистік топтар мен оларға қосылуға ыңғайы барлар мәселесіне көңіл аударамыз. Көтерілген проблемаларды қабылдап, облыс, республика көлемінде олардың құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан оңтайлы шешілуіне ықпал етпекпіз, – деді Бекзат Ахметов.

Жиынға жиналғандар өз сауалдарын алға тартып, мәселелер көтерді. Ауданның білім бөлімінің басшысы Елдос Смағұлов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақыт Бекенов, орталық аурухананың бас дәрігері Дәуіт Нұртаев, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Олжас Сейілбеков, Жаңғұтты би мешітінің имамы Берік Махамбетшин көкейде жүрген сауалдарын ортаға салды.

Жұмыс тобы ауданда екі апта жұмыс істемек. Барлық кенттер мен ауыл округтеріне барады.

Кездесуді жүргізген аудан әкімінің орынбасары Азамат Әбілдин топ мүшелерінің жұмысына аудан әкімдігі тарапынан барынша қолдау жасалатынын айтты.

 

Шет ауданы

әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button