Жаңалықтар

ЖҰМЫС ТАЛАП ЕТІЛДІ

    Жақында Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңестің осы жылдағы бірінші кеңесі өтті. Оның жұмысын аталмыш кеңес төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев жүргізіп отырды.

Онда Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті сыбайластықтың алдын алу басқармасының басшысы Руслан Жүсіповтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері мен оның алдын алу әдістерін енгізу жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Өз өңірлерінің діни ахуалы және діни бірлестіктермен байланысы жөнінде Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Ақ­ыл­бекова, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Төлендинова баян етті. Жезқазған, әсіресе Сәтбаев қалаларындағы діни ахуал барынша бақылауда десек те ол жерлерде жүргізіліп жатқан жұмысты ширату керектігі байқалады. Сәтбаев қаласының №19 мектептегі жағдай алаңдатады.Мұнда мектеп формасынан ажырап, хиджап киюшілер баршылық. Дәстүрлі емес дін ұстанушылар қарасы да азаймай отыр.

Діни нанымдар бойынша ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы белең алып тұр. Оның бір себебі вакцинация сапасына байланысты дегенімізбен, негізгі себеп бұрынғыша қалуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Нұрлыбаев бұл төңіректе ащы да болса біраз фактілерді жайып салды. Осы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында осындай 52 оқиға тіркелген. Үйде босану сынды фактілер кездескен.

Қазіргі уақытта әртүрлі спорт үйірмелерінің заңды түрде тіркеліп, жұмыс істеп жатқаны белгілі. Алайда, оларға да, олардың жұмысына да бейқам қарауға болмайды. Өйткені, олардың атқарып жатқан жұмыстарында да діни мүдде жатады.

Кеңесте қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button