Жаңаарқа

Жүлдегерге құрмет көрсетілді

Қазақ күресінен халықаралық деңгейдегі бәсекелерде сан мәрте бағы үстем түсіп, ел мерейін асқақтатып жүрген жаңаарқалық балуан Гүлназ ЗЕКЕН Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында Қостанайда өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатынан III орынды еншілеп оралды. Жүлдегер спортшыны аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН арнайы қабылдап, құттықтады.

– Қасиетті қазақ даласы – байрақ көтерген батырлардың, арқалы ақындардың, жезтаңдай әншілердің, дәулескер күйшілердің, белдескенін тізе бүктірген балуандардың алтын бесігі. Солардың қатарында Жаңаарқадан түлеп ұшқан жампоздар да жетіп-артылады. Бозкілемде жасындай жарқылдаған аға буынның жағымды үлгісін жарасымды жалғастыра білген қыз-жігіттер – ел мен жердің мақтаны. Біз үшін олардың әр жетістігі – үлкен қуаныш, – деген аудан басшысы Гүлназдың топтан озық шығуы толастамауын тіледі.

Облыстық мәслихаттың депутаты Жәнібек Рысбеков пен аудандық мәслихаттың депутаты Сәулет Рымбековтің демеушілігімен алынған халықаралық стандартқа сай кимоно мен басқа да спорттық киімдерді тарту етті. Юржан Асанұлы, сонымен қатар Гүлназдың жаттықтырушысы Марат Әбдірахмановқа Алғыс хат тапсырып, риясыз ризашылығын білдірді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ,

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button