Жаңалықтар

Жүлдеден құр қалмаңыз

«Арманға жол» марафоны Қарағанды қаласында 3 маусымда өтеді. Қатысушылар өз таңдаулары бойынша төрт түрлі бағыттармен жүгіреді. Ең ұзын қашықтық – жартылай марафондық «Арманға жол» дистанциясы 25 шақырымды құрайды. Жарысқа қатысушылар «Қарағанды – Арена» мұз сарайы жанынан бастап, Мұқанов көшесі мен Республика даңғылы қиылысына дейін, сонан соң ол жерден қайта оралып, теннис орталығынан өткенше жүгіріп өтеді. Осындай шеңберді марафоншылар төрт рет айналып өтулері тиіс. Мәреге алғашқы болып жеткен жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Келесі маршрут – «Спутник» 10 шақырымды құрайды. Сайысқа қатысушылар бұл жарыс бойынша «Арманға жол» дистанциясындағыдай жолды бірақ, екі шеңберін ғана жүгіріп өтулері керек.

«Дружба» жүгірісі 5 шақырымға созылған. Ол – жоғарыда атап өткен маршрут бойынша бір шеңбер айналып өту.

10 жасқа дейінгі балалар ең қысқа дистанция бойынша жүгіріп өте алады. Ол бағыттың бастауы мұз сарайының алдынан басталып, Жеңіс саябағындағы стел­лаға дейін және кері қайтумен аяқталады.

Әрбір дистанция бойынша алғашқы болып келген он адам сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар алады. Марафон жайлы толығырақ ақпаратты мына сайттан біле аласыздар: flakar.kz.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button