Шет

Зейнеткерде зейін бар

Елімізде ардагерлер кеңесі ұйымы құрылып, іске кіріскеніне де 30 жылдың жүзі болыпты. Қазіргі күні Шет ауданы ардагерлер ұйымында 5246 зейнеткер бар. Бұл – 24 ауыл, кент округтерін біріктіріп, бастауыш ұйымдарының басын құрайды. Мұнда бүгінгі таңда 2 соғыс ардагері, 119 тыл еңбеккерлері тіркеліпті.

Бір айта кетерлігі, олар елімізде жүріп жатқан саяси реформалардан тыс қалмайды. Қоғамдық өмірге белсене араласып, ой-пікірлерін айтады. Ардагерлерден құрылған көркемөнерпаздар үйірмесі, ансамблі тағы бар. Тіпті, бүгінгі таңда кеңінен талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшуді де жөн көріп, қолдау көрсетуде. Мәселен, жуырда арнайы басқосу өткізіліп, ардагерлер өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде, белсенді топ мүшелеріне марапат, кұрмет көрсетілді.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button