Жаңалықтар

Қысқы спартакиада жан сергітеді

Қарағандыдағы №34 мекемеде сотталғандар арасында қысқы спартакиада ойындары басталды. Мұнда олар өзара команда жасақтап, түрлі спорттық ойындардан бақ сынады.

Суреттер: мекеме басшылығынан алынды

Аталмыш спартакиада ақпан айы бойы өтеді. Қатысушылар өзара бес командаға бөлініп, команда атын, ұранын таныстырды. Олар эстафета, қаппен секіру, шаңғымен жүгіру, қысқы дартс, дойбы және шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

– Қысқы спартакиада спортты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сотталғандарды спортқа шақырып, бос уақытын пайдалы іспен шұғылдану үшін осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз, – деді мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button