Жаңалықтар

Қарағандыда түзеу мекемесінде көпсалалы колледж ашылды

№34 мекемеде 1 қыркүйек білім күні салтанатты түрде көпсалалы колледж ашылды.


Салтанатты жиын мекеме бастығының орынбасары З.Жүкеновтың және №1 колледж директоры С.Бакуазовтың құттықтау сөзімен басталды.

Мекеме бастығының орынбасары Әсет Қызыловтың айтуы бойынша, жаңадан ашылған білім ордасында отыз сотталушы, әрлеу жұмыстары бойынша шебер мамандығын алу үшін студент атанды. Бұл сотталғандарға тегін кәсіптік білім беретін алғашқы арнайы орта оқу орны.

– Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мақсатында мекеме әкімшілігі өндіріс ашуға шағын және орта бизнес өкілдерін белсенді түрде тартуда. Биылдың өзінде бұл мекемеде жеке кәсіпкерлер мен арнайы киім тігу, кірпіш құятын орын, сондай-ақ жартылай дайын тағам өнімдерін дайындау сияқты жаңа өндіріс түрлері ашылды, – деп толықтырды ол.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button