Руханият

Қыс келбетін бояулармен сөйлетіп…

Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Натворим» зияткерлік даму орталығының «Жүректен – жүрекке» акциясы аясында «Қыс бұл тек ақ болып көрінбейді» есеп беру көрмесі өтті. Жас суретшілер қыс мезгілін арқау етіп, қиялындағысын қағаз бетіне түсірген. Көрмеге 4-17 жас аралығындағы балалардың 400-ден астам туындысы қойылыпты.

Көрмеге туындылары қойылған жас суретшілердің бірі – Виолетта Липская. Оның туындылары өзгелерден ерек. Одан ойының ұшқырлығын аңғаруға болады. Сурет үйірмесіне қатысқанына екі жылдан енді асса да, туындылары сөйлеп тұр.

– Менің киім дизайнері болғым келеді. Сурет салғанды жақсы көремін. Анам маған «Сурет үйірмесіне қатыс. Қолыңнан келеді» деп осында алып келді. Қазір түрлі тақырыпта сурет сала аламын. Сонымен қатар, фортепиано мен би үйірмесіне де барып жүрмін. Өзімнің де музыка аспаптарына жаным құмар. Әсіресе, фортепианоға, – деді жас суретші.

Виолеттаны қолдау үшін көрмеге белгілі суретші Владимир Троценко да арнайы келіпті. Суретші Виолеттаға жылы лебізін білдіріп, естелікке сый табыстады.

– Виолетта – дарынды бала. Болашақта тамаша суретші шығатынына кәміл сенемін. Виолеттаға суретті қиялдан салуға ұмтылуды айтып отырмын. Қиялдан туған туынды сөзсіз тамаша болары хақ. Болашағы алда, – деді Владимир Троценко.

Айта кетейік, «Натворим» орталығы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі танда Қарағанды қаласы бойынша төрт филиалы бар.

Ақерке БОЛАТ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің IV курс студенті

Суретті түсірген автор

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button