Бұқар жырау

Қырағы көз – қауіпсіз өмір

    Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде облыстық ІІД және Жергілікті полиция қызметінің өкілдері мен  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы бірлесе отырып, «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – құ­қық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құры­лымдардың имиджін көтеру, жол полициясының қызметіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру болып табылады. Сондай-ақ, шара барысында көлік жүргізушілері арнайы таратылған сауалнамалар толтырып, жол полициясының жұмысын бағалады. Сауалнамада жол сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас кезінде өздерін қалай ұстайтындығы жөніндегі сұрақтар берілді. Сонымен қатар, ауданның мәдениет үйінде «Нұр Отан» аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  М.Нұрланов және сақшылар құрамы тұрғындар­мен кездесу өткізді.

Өз тілшімізден.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button