Рухани жаңғыруСаран

Ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты

Жуырда Саран қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс мектептеріндегі кадет сыныптарының аймақтық кездесуі өтті.

Мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, ұрпақ сабақтастығын арттыру, сонымен бірге, оқушылардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Салтанатты шараның ашылуында Саран қалалық мәслихатының хатшысы Өміржан Баймағамбетов, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қорлан Абзалиева, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Саран қалалық филиалының төрағасы Галина Сычева, Теміртау қаласының №23 мектебінің директоры Бақытжан Қалмағанбетов, Қарағанды қаласының №58 мектебінің директоры Татьяна Балғабекова көпшілікке алғысын білдіріп, оқушылардың бойында патриоттық және жауапкершілік сезімдерін арттыруға ықпалы мол екендігін атап өтті.
– Бүгінде үздік әскери патриоттық клубтарын анықтап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери патриоттық жұмыстарды жандандыру, үздік әскери патриоттық клубтар мен үйірмелерге қатысушы оқушыларды және жетекшілерді анықтау, әскери қызметтік мәртебесін көтеру және әскери патриоттық үйірмелерге қатысушы оқушылардың үлесін 60%-ға арттыру жолға қойылып отыр. Балалар әскери қолданбалы және құқықтық бағыттағы пәндерді, құқық бұзушылықтың алдын алу, атыс және саптық даярлық негіздерін оқиды. Бұл балалардың бойында азаматтық патриотизмді қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, балаларды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа баулуға зор мүмкіндік береді, – деді Саран қалалық мәслихатының хатшысы Өміржан Баймағамбетов.
Осы күні ардагерлер ұйымдарының, әскери бөлімшелердің қызметшілері, жауынгер-интернационалистер, білім ұйымдарының басшылары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімді қалыптастыру қажет¬тігін сөз етті.
Сондай-ақ, Теміртау қаласындағы №23 мектеп, Қарағанды қаласындағы №58 мектеп және Саран қаласындағы №7 мектеп директорлары бірлескен жұмысын жандандыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, аталмыш мектептердің кадет оқушылары өз қойылымдарын көрсетті.

САРАН қаласы.
Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button