Ғылымға батыл қадам
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде «Педагог пен оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық педагогикалық форум өтті. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Іс-шараның мақсаты – практикалық тәжірибе негізінде, оқушылардың, студенттердің, педагогтардың ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастыру мәселесін айқындау. Мамандардың пікірнше, қазіргі күні ғылымға батыл қадам жасауға ниетті ұл-қыздар үшін барлық жағдай жасалған.
Форумға облыстағы жоғары оқу орындары мен мекемелердің басшылары, түрлі колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Сондай-ақ, жуырда қаланың Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткен болатын. Жиында мектепке дейінгі білім беруге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс негізіндегі қаражат пен әрбір бүлдіршін үшін ата-аналар тарапынан төленетін қаражаттың көлемін бекіту мәселесі қаралды. Осыған орай, арнайы әзірленген қаулының жобасы талқыланып, жұмыс жоспары бекітілді.
Өз тілшімізден.
САРАН қаласы.