Брифинг

Қылмысты хабарлап, сыйақы алды

Биыл Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған 2 адам 528 900 мөлшерінде сыйақы алған. Жалпы, стаптистикаға зер салсақ, тұрғындар жемқорлыққа төзбеушілік танытынан байқуға болады. Мәселен, 2018 жылы 5 адам, ал, 2019 жылы 10 адам қылмыс туралы хабарлаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асхат ОРАЗХАННЫҢ Оразханның қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді. Сыйақы мөлшері әр-түрлі. Мәселен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК, ал, онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК мөлшерінде сыйақы алады. Ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК болса, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК. Ең жоғары мөлшері аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер жайлы хабарлағанда беріледі. Яғни, 100 АЕК.

Бірақ, пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер, көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын болса, біржолғы ақшалай сыйақы келтірілген залал сомасының он пайызын құрайды.

Аталға факт облыста 2020 жылы тіркелді. Аса ауыр жемқорлық қылмысы жайлы хабар берген бір ғана адам 750 мың теңге сыйақы алды, – дейді Асхат Оразхан.

Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетінін және сбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болатынын айту керек.

Қылмыс орын алған жағдайда Агенттіктің 1424 колл-орталығына хабарласуға болады.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button