Брифинг

Діни ахуал алаңдатады

Облыстағы діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында ауқымды шаралар жүзеге асуда. Бұл жөнінде Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Дулат Халел баяндады, деп хабарлайды Ortalyq.kz

Діни ахуал алаңдатады

Дін істері басқармасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында дін қызметі өкілдерімен бірлесіп, үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Олар, ақпараттық-түсіндіру, діни экстремизмге қарсы насихаттау және оңалту және дерадикалдандыру жұмыстары. Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары мемлекеттік құрылымдардың құзыретті өкілдерінен, дәстүрлі дін қызметшілерінен, құзырлы дінтанушылар мен теологтардан дін мәселелері бойынша толық және шынайы ақпарат алуда азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында құрылған, – деді басқарма басшысы.

Облыс аумағында 15 конфессияны құрайтын 280 діни бірлестік тіркеліп, 228 діни ғимарат жұмыс істейді. Бекітілген жоспарға сай ақпараттық түсіндіру топтары жүйелі жұмыс жасауда. Облыста дін мәселелері жөніндегі 14 ақпараттық-түсіндіру тобында 218 адам бар. Жалпы, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары мемлекеттік құрылымдардың құзыретті өкілдерінен, дәстүрлі дін қызметшілерінен, құзырлы дінтанушылар мен теологтардан дін мәселелері бойынша толық және шынайы ақпарат алуда азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында құрылады. Олардың негізгі мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Осы бағытта, 9 ай ішінде 173 мың 346 адамды қамтыған 3155 іс-шара ұйымдастырған.

Сонымен қатар, басқарма әлеуметтік желілердегі пікірге мониторинг жүргізу, деструктивті материалдарды анықтау және оларды діни сараптамадан өткізу, БАҚ-да және интернетте дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын түсіндіруге, сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық материалдарды, аудио және бейнематериалдарды орналастыруда. Діни экстремизм мен терроризм белгілері бар материалдарға мониторинг жүргізу және оларды бұғаттау жұмысы тікелей «Аналитикалық интернет карта» және «Кибернадзор» жүйесі арқылы жүргізіледі.

Аталған жүйелерді әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу жұмысына енгізудің тиімділігі интернетте діни деструктивтік ағымдардың материалдарын зерттейтін және тарататын пайдаланушылар санын 2020 жылғы 26320 пайдаланушыдан бүгінгі күнгі 9373 адамға дейін қысқартуға мүмкіндік берген.

Биыл облыстың ІІД бірлесе діни заңнаманы бұзудың 40 фактісі анықталып, діни сараптама өткізу үшін Дін істері комитетіне жолданды.

Жыл басынан бері облыста Қарағанды және Теміртау қалалары мешіттерінің базасында 4 медиаорталық ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, белсенді әскери қақтығыс аймақтарынан оралған отбасыларымен де жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыста 7 әйел, 20 бала тұрады. 7 әйелдің 2-і түзету мекемесінде жазасын өтеуде. Бұл топқа әлеуметтік көмек көрсетіліп, оңалту жұмыстары көрсетілуде.

Облыстағы діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауда барлық конфессиялардың өкілдері енгізілген Діни бірлестіктер клубы маңызды рөл атқарады.

Облыстағы діни ахуал жөнінде баяндаған басқарма басшысы тұрақтылық, рухани келісім басты назарда екендігін баса айтты.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button