Жаңалықтар

WAKO делегациясы Қарағандыға келді

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Бүкіләлемдік Кикбоксинг Федерациясының басшылығымен

кездесті.

WAKO Президенті және вице-президенттері Орталық Азия құрамасында Қазақстан құрамасының жарысына қатысу үшін Қарағандыға келген болатын.

Нұрмұхамбет Әбдібеков қонақтарға Қарағанды облысын таныстырып, өңір тарихы мен жетістіктері туралы айтты. Бүкіләлемдік WAKO-world кикбокс ұйымы қауымдастығын басқаратын Борислав Пелевич өз тарапынан қазақстандық спортшылардың деңгейін жоғары бағалады. Кездесу барысында сөз болғандай, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылында 46 қазақстандық кикбоксинктен әлем чемпионы атағын иеленсе, оның 7-еуі Қарағанды облысынан.

– Мен қарағандылықтардың белсен­ді өмір салтына деген сүйіспенші­ліктерімен ерекшеленетіндіктерін мақтан етемін. Шамамен тұрғындардың үштен төрт бөлігі спортпен тұрақты түрде айналысады, – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

WAKO өкілдері жауынгерлік өнердің дене күшін арттырып қана қоймай, мінезді шыңдайтынын, тәр­тіпке дағдыландыратынын атап өтті. Бұл – әлеуметтік желілердің даму кезеңінде өзекті.

Қонақтар спорттық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін жергілікті билікке алғыстарын білдірді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button