Руханият

Қуаныш Мақсұтов – халықаралық фестивальдің Бас жүлдегері

Қырғызстанда «Поющий Иссык-куль – 2024» халықаралық авторлық ән фестивалі өтті. Әлемнің бірнеше елінен қатысқан өнер иелерінің ішінде қазақтың «Сары тентегі» Қуаныш Мақсұтов та өнер көрсетіп, фестивальдің Бас жүлдесін жеңіп алды.

Суреттер Қ.Мақсұтовтың жеке facebook парақшасынан

Жерлесіміз аталған фестивальде өзінің авторлық әндерін шырқаған. 

– Қазақ тілінде орындаған туындыларымды жоғары бағалаған Халықаралық қазылар алқасына мың алғыс! Бұл – әлемге танымал ән авторлары мен орындаушылар, бардттар қатысқан өнер додасындағы қазақ барды мен шансонының, қазақтың авторлық әнінің халықаралық аренадағы үлкен жеңісі, – дейді Қуаныш ақын.

Айта кетейік, аталған фестивальдің «Ұлттық әндер авторы» аталымында өнер көрсеткен тағы бір қарағандылық өнерпаз Сұлупаң Сұлтанова «Іңкәр көңіл» әнін орындап, халықаралық фестивальдың дипломанты атанды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button