Поэзия

Уа, Шыңғыс бабам Баһадүр

Серік

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Шына қыздан туған ол

Сенің бабаң Шыңғыс хан —

Мұны көрген бабаңмын.

(Сыпыра жырау)

Уа, Шыңғыс Бабам Баһадүр!

Арғы тегің —Түрік дейтін ата-дүр;

Руың — Қият.

Ұраның — Иман мен Ұят.

Ойыңда — Обал мен Сауап

Жаһан -Дүниеден іздегенің – жәннат-ты.

Сұңқардан ғана көрген жұрт Саған біткен қанатты!

Жарты әлемді жанарында ұстаған,

Асқақ атаң Мөдеден де

асып ең;

Еуразия дейтін екі

бірдей құрлықты,

Алтынменен апталып,

Күміспенен күптелген,

Мауыт жібек шапаныңның етегімен басып ең!

Күреңді күлдір-күлдір кісінетіп,

Көкжиектен астың да,

Тіліне тимей, дініне

тимей басқаның,

Қорған елін қонышыңнан бастың да,

Орман елін табаныма тастадың!

Алапатың адамзатты сілкіді!

Асқар да асқар таулардан

Арқырап аққан судың да

Ақ май боп – беті шылқыды;

Бас-басына би болып,

Адамнан айылын жыймаған,

Манар тауға сыймаған,

Ел қылып кеттің түркіні!

…Тәңірін де тәрк еткен, сол түркіні,

Құтырғанда қу нәпсісі, құлқыны, –

Жеті Басты Айдаһардай зіркілі!

Бір кездегі Мен ем мәшһүр жұрт — ұлы! –

Шыңғысханның өр үмбеті,

Бір — түбі!

Десем, соған кім сенеді

бұл күні…

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button