Ресми

ҚТЖ Қарағандыдан Теміртауға жолаушыларды тегін тасымалдамақ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ауа райының қолайсыздығынан туындаған тас жолдағы шектеулерге байланысты Қарағандыдан Теміртауға дейін  жолаушыларды тегін тасымалдамақ.  Бұл туралы   компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сурет: сайт мұрағатынан

– Қолайсыз ауа райына  байланысты Қарағанды-Теміртау учаскесінің автомобиль жолында шектеу енгізілгендіктен, Қарағанды теміржол станциясынан №6869 Ақадыр-Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін отырғызу жүзеге асырылады. Барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және осындай ауа-райында жол жүруден бас тартуды сұраймыз.

Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» телеграм боты арқылы алуға болады, – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button