Жаңалықтар

Құтырма және профилактикалық шаралары

Құтырма – жіті инфекциялық ауру, ол орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, адам және жануарлардың өліміне әкелуі мүмкін.  Құтырма осы аурумен ауырған жануар сілекейлегенде, тістегенде немесе тырнаған кезде жұғады.

Сурет wolcha.ru

2024 жылдың 12 айында Шахтинск қаласы бойынша антирабиялық көмекке 222 адам жүгінді. Бұл 2023 жылдың осындай уақытымен салыстырғанда – 8 жағдайға азайған. Иттердің тістеуінен – 163 адам, мысықтардан – 53 адам, басқа жануарлардан – 6 адам зардап шеккен.

Үй және қаңғыбас жануарлармен қауіпсіз және бейпіл қарым-қатынас жасау, өз асырауындағылардың мінез-құлқына жауапкершіліктің болмауы адамдардың тістелуіне әкеліп соғады.

Құтырманы адамдардың жұқтыруының алдын алу шаралары

Адамға құтырманың жұғуының алдын алу үшін тек екпе жасату керек, ал оның тиімділігі медициналық көмекке қаралу уақытына байланысты. Сондықтан құтырмаға қарсы екпенің толық курсын алу үшін медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет. Екпенің толық курсы антирабикалық вакцинаның 5-6 уколынан тұрады (вакцинаға байланысты). Тістеуден зардап шеккендерге көмек тәулік бойы көрсетіледі. Бірінші екпе – қаралған күні, сосын тістелінгеннен кейінгі 3,7,14,28 күнде жасалады. Иммунизация жүргізілген уақыт ішінде алкоголь сусындарын ішуге қатаң тиым салынады. Егер адамды құтырма белгілері жоқ белгілі (танитын) ит немесе мысық тістеп алса, онда оған 10 күн бойы ветеринарлық қадағалау жасату керек. Осылай бола тұра, адамның сол күні дәрігерге қаралып, екпе алуы міндетті. Егер  тістелгеннен кейінгі 10 күн бойы бақыланған ит немесе мысық сау болып, ол туралы ветеринарлық дәрігер анықтама берсе, екпе тоқтатылады. Бірақ егер де жануар өліп қалса немесе қашып кетсе, онда екпе жасау жалғастырылады.

Сонымен қатар, құтырманың профилактикалық шараларына жануарлармен дұрыс қарым-қатынас жасау да жатады:

– иттерді қыдыртуға тек қысқа бас жіппен, ал ірі және ұрыс иттерін тұмылдырықпен шығаруға рұқсат етілген, және олардың қаңғыбас жануарлармен жақындасуларына жол бермеу керек;

– балаларды үй жануарларына, қаңғыбас жануарларға тіптен жақындатпауға тырысу;

– тамақ ішіп жатқан итке жақындауға болмайды;

– ұйықтап жатқан жануардың мазасын алуға болмайды;

– емізіп жүрген күшіктерін алуға болмайды;

– төбелесіп жатқан төраяқтылардың арасына түсуге болмайды;

– иттерді таяқпен ұруға, тас лақтыруға болмайды.

Осындай ескерту шараларымен балаларды да таныстыру керек, жануарлармен сауатты қарым-қатынас жасасу ғана тістеулердің алдын алады.

Профилактикалық шараларға немқұрайлы қарамаңдар және өз денсаулықтарыңа мұқият  болыңдар!

Г.Т.ЖҰМАҒҰЛОВА,

Шахтинск қалалық санитариялық– эпидемиологиялық

бақылау басқармасы басшысының м. а. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button