Жаңалықтар

«Туған елге саяхат» балалар патриоттық-танымдық пойызының жаңа маусымы басталды

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Туған елге саяхат» балалар патриоттық-танымдық пойызының жаңа маусымын бастайды.


Жазғы демалыс уақытында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар еліміздің көрікті жерлеріне саяхатқа аттанып, бес қаланың туристік аймақтарын аралау мүмкіндігіне ие болады.
Бұл үшін 10-15 жас аралығындағы балаларға «Өз өңірімді өркендеткім келеді» тақырыбында шығарма жазып, жұмыстарын poezd2023@list.ru электронды поштасына 10 маусымға дейін жолдау қажет.
Толық ақпаратты sk-trust.kz сайтынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе 8 7172 60 45 99, 8 775 142 66 82 нөмірлерінен білуге болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button