АймақТеміртау

Трамвай паркі жаңарады

Теміртау қаласындағы трамвай паркі қайта құруды қажет етеді. Тозығы жеткен техника мен жабдықтарды жаңарту үшін қомақты инвестиция қажет. Осы орайда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арадағы уағдаластық бойынша жобалық шешім компания қаражаты есебінен жүзеге аспақ.

Бұл біріншіден қала халқының сұранысын қанағаттандырып отырған көлік, екіншіден қаланың өзіне тән ерекшелігі екендігін тілге тиек етті, қала әкімдігі.

1 ақпанда қалада трамвай қозғалысы техникалық жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтаған болатын. Ұрылар осы бір ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, трамвай сымын қолды еткен.

Белгісіз біреулер 600 метр трамвай жолы сымын ұрлап кеткен. Оқиға қайталанбауы үшін трамвай паркінің басшылығы қалған сымдарды жинап алу туралы шешім қабылдады.

«ТАА» ЖШС трамвай қозғалысына арналған сымдарды алып тастайды. Себебі, бұл сымдар тапшы әрі қымбат. Алдағы уақытта оқиға қайталанатын болса, трамвай қозғалысы мүмкін болмайды» деп хабарлайды Теміртау әкімдігі.

Оқиға барысынан облыстық полиция департаменті де хабардар, олар бұл фактінің тіркелгендігін және кінәлі адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар қабылданғандығын мәлімдеді.

Сағыныш ӘБІЛ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button