Жаңалықтар

Теміртауда трамвайлар тоқтады

Бұл техникалық тексеруге байланысты уақытша шара. Есесіне «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы кәсіпорын қызметкерлерін сол бағыт бойынша тегін тасымалдауға уәде берді.

«Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары! Техникалық тексеріске байланысты трамвай қатынасын тоқтата тұру кезінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлері, еншілес кәсіпорындар мен комбинат ардагерлері үшін қосымша автобустар қарастырылатыны туралы хабарлаймыз. Маршрут трамвай бағытына ұқсас жүретін болады. «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының қызметкерлері, еншілес кәсіпорындар мен комбинат ардагерлері үшін жол жүру тегін», – делінген компания баспасөз қызметінің ақпараттық хабарламасында.

Қосымша автобустар «АвтоТрам №4 трамвай маршруты бойынша» деген сәйкестендіру белгілерімен жабдықталады.

Ерқанат КЕҢЕСБЕК.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button