АбайАймақ

Топар тұрғындарына пәтер кілті тапсырылды

Бүгін Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов Топар кентінің Энергетиктеріне Мәдениет үйінде үй кезегінде тұрған 20 адамға пәтер кілттерін салтанатты жағдайда тапсырды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Құттықтау сөзінде аудан әкімі:

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір еліміздің барлық өңірлерінде тұрғын үй реформасы жүзеге асырылып,баспанаға мұқтаж азаматтарға қолайлы әлеуметтік жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.Мына екі подьезі қалпына келтіріліп,құрылысы аяқталған бес қабатты үйден пәтер алғандардың қонысы құтты болып,іші шаттыққа толсын! – деп атап өтті.

Пәтер алғандарды Үндемес Чегирова құттықтады.

Бұл бес қабатты үйдің құрылысы баяғыда басталып, іргесі көтеріліп,төбесі жабылып, аяқталмаған қалпы он жылдан астам тұрған. Биыл жаз айынан бастап соның екі подъезін жеке меншік құрылыс компаниялары салып бітіріп, олардан аудандық әкімдік сатып алып, енді Жаңа жыл қарсаңында үй кезегіндегі топарлықтарға таратып, үлестірді.

Пәтер алғандардың арасында әлеуметтік осал топқа жататындар мен көпбалалы аналар да бар. Солардың бірі 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана Жәмикаш Таубаева бұған дейін балаларының үйінде бірталай жан қысылып-қымтырылып тұрып келсе,осы жолы алған үш бөлмелі пәтерінде Азамат деген ұлының отбасымен бірге тұрмақшы болып отыр. Ал бірінші санды 2 бөлмелі пәтерге ие болған бірінші топтағы мүгедек Ботакөз Нұрғамиден оған әжесі Қазимамен қоныстанбақшы.
Пәтер кілтін тапсыру рәсімінен кейін аудан әкімі әр пәтерді аралап көріп, Батыр ана Жәмикаш апайдың жаңа қонысына арнайы кіріп, құтты болсын айтып шықты.

Ержан Имаш,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button