Жаңалықтар

Тестілеу тыңғылықты жүргізілуде

    Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос СӘРСЕНОВТІҢ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

БАҚ өкілдерімен жүздесу барысында аталған департамент басшысы «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін аттестациялаудан өткізуге қатысты биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысын сөз етті.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы басым бағыттардың бірі – «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестациялаудан өткізу. Облыс бойынша «Б» корпусының жалпы 4833 мемлекеттік қызметшісі аттестациялаудан өтеді. Мемлекеттік қызметшілердің атқаратын лауазымына байланысты аттестациялаудан барлығы үш деңгейде, үш кезеңде өтеді. Бірінші деңгейде – Қарағанды облысының үлгісіне сай орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және облыстық басқармалардың басшылары, екінші деңгейге – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, облыстық басқармалардың (бөлім басшылары, бас мамандар және жетекші мамандар), сонымен қатар, облыстың қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары және аппарат басшылары кіреді. Үшінші деңгейге – аудандық мемлекеттік органдардың қызметшілері (бөлім басшылары, бас мамандар және жетекші мамандар) тұрақтады.

Сөйтіп, аттестациялаудың І кезеңінде облыстағы мемлекеттік органдардың кадрларды басқару қызметі мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтері, жеке жетістіктері және мінездемесі көрсетілген бағалау парақшалары толтырылды. Бүгінгі таңда облыста аттестациялаудың ІІ-ші кезеңі – мемлекеттік қызметшілердің жеке құзыреттерін бағалау тестілеуі аяқталды. Бұған 4802 адам (99,4%-ы) қатысып, 31 адам сырқатына, іс-сапарға және басқа да заңнамамен қарастырылған жағдайларға байланысты өтпеді. Қатыспағандардың тестілеуі жұмыстық ретте биылғы жылдың І-ші жартыжылдығында жүргізілетін болады, – деді департамент басшысы.

Сонымен бірге, тестілеу қорытындысы бойынша 1046 қызметші немесе 21,7% – үздік нәтиже, 3526 қызметші немесе 73,4% – тиімді, 222 немесе 4,7% – қанағаттанарлық, 8 қызметші немесе 0,2% төменгі нәтиже көрсетті. Ал, аттестациялаудың қорытынды ІІІ-ші кезеңі – міндеті аттестацияланушының талабын, басымдылығы мен кемшін тұстарын дамыту мүмкіндіктерін анық­тау болып табылады. Яғни, арнайы аттестаттық комиссияда әңгімелесу жүргізіледі.

Аттестациялау аяқталғаннан кейін аталған департамент басшылығы қо­рытынды баспасөз мәслихатын өт­кізбек.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button