Басты тақырып

Тестілеу талаптары өзгеруде

    Ұлттық бірыңғай тестіні тапсыру екі кезең бойынша өтпек. Мектеп бітіру емтиxаны оқушының орта білімді игеріп, тәмамдағанын дәлелдесе, Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы мектеп түлектеріне мемлекеттік гранттар тағайындамақ.

Білім және ғылым саласын ба­қы­лау комитеті төрағасының ор­ын­­­басары Нұрбек Оршубековтің ай­­­туынша, Ұлттық бірыңғай тес­ті­леу енгізілген соңғы 13 жылда оқу­шылардың барлығы бірдей тесті­леуге қатысқан жоқ. Соңғы ҰБТ сынағына мектеп оқушыларының, тек, 70 пайызы қатысты. Жаңа формат бойынша «Алтын белгі» тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Тес­тілеу кезінде аталған атақты растау міндеттелмейді. Тестілеу жоғары оқу орнына тү­суге мүмкіндік беріп, грант ие­гер­лерін анықтайды. ҰБТ-нің бұл жүйесі талапкерлерді моральдық-пси­хологиялық қиындықтардан сақ­тай­ды.

Төраға орынбасарының айтуынша, 2017 жылы мектеп бітірушілерге арналған қорытынды аттестациялау өздері оқыған мектепте 29 мамыр мен 9 маусым арасында жүреді. Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеу, яғни, жоғары оқу орнына түсу емтиxаны 20 маусым мен 1 шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі.

Түлектер мектеп бітіру емтиханын 5 пәннен екі күн сынақтан өтуі. Бірінші күні міндетті үш пән (қазақ тілі мен әдебиетінен – 250 сөзден тұратын эссе, математикадан – бес тапсырмадан тұратын бақылау жұ­мысы, Қазақстан тарихынан – ауызша емтихан), екінші күні таңдаған мамандығына байланысты екі таңдау пәнінен (мысалы, медицина саласы үшін химия және биология пәнінен) қатар тест тапсырады. Жинауы тиіс ұпай саны – 60. Емтихандар нәти­жесінде оқушы жоғары оқу орнына түсуге жолдама алады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button