ЖаңалықтарРуханият

«Тергеуші» болашақ тергеушілердің қолында

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Арман Әлменбетпен кездесу өтті. Жазушы академия ұстаздарына, курсанттарға «Тергеуші» романын таныстырды.

Суреттер автордан

Жазушы Арман Әлменбеттің «Тергеу­ші» романы бүгінде оқырмандар арасына кеңінен таралып жатыр. Роман 2025 жылы Президенттің жастарға арналған сыйлығына лайық деп танылды. Бұған дейін «Сөзтүзер», «Комментатор сөздігі» кітаптары да оқырман тарапынан оң бағасын алған еді.

Кездесуде Арман Әлменбет «Тергеуші» романын жазудағы мақсаты мен жазылу барысы туралы еркін әңгіме өрбітті. Академия­да тергеуші мамандығын оқып жатқан жас курсанттар авторға сауал қойды.

Арман Әлменбет бұл роман ең әуелі қоғам қауіпсіздігі жолында өз өмірлерін бәске тігіп жүрген тергеушілерге көрсетілген құрмет екенін айтты.

– Романдағы тергеушінің және басқа да кейіпкерлердің өзіндік қилы тағдыры бар. Болашақ тергеушілер романнан өзіне керегін табады деп ойлаймын. Мұнда бейнеті мол мамандықтың түрлі детальдарын ашып көрсетуге тырыстым. Тергеушілердің қызмет барысындағы ерліктерін, қайғысын, мұңын халық білмейді. Оны жариялап айтуға болмайды, әрине. Бірақ, халық өз қаһармандарын танып, оларды құрметтеуі керек деп есептеймін, – деді ­Арман ­Әлменбет.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button