АймақТеміртау

Теміртауда жылу сапасын жақсарту үшін магистральді құбыр салу жалғасады

Биыл металлургтер қаласында бірқатар ірі коммуналдық нысандарды аяқтауға қаржы бөлінді. Бұл туралы Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Сурет: azattyq.org сайтынан

Оның айтуынша, барлығы 14 жобаны аяқтау жоспарланған. Атап айтқанда, төрт көпқабатты тұрғын үй салынады. Пәтерлердің кілттерін кезекте тұрған 320 адам алады. Сонымен қатар, бюджет есебінен тағы 90 отбасы үшін тұрғын үй сатып алынады.

– Сумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін де Теміртау мен Ақтауда 58 шақырымға жуық желі салынады, бұл тозуды 67,9%-дан 54,5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді қала әкімі.

Кенттің 700-ден астам тұрғыны орталық сумен жабдықтауды пайдалана алады. Әлеуметтік қаладағы су бұру желілерінің құрылысы жалғасады. Онда орталық кәрізге 2,5 мың абонент қосылмақ. Оң жағалауға да су бұру желілеріне қаржыландыру бөлінді. Ораз Тәуірбеков Теміртау тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін магистральдық құбыр салу жобаларын іске асыруды жалғастыратынын атап өтті. Осылайша желілердің тозуын 72,8%-дан 66,6%-ға дейін төмендетуге болады.

– Ескі қала мен оң жағалау тұрғындары, бұл 1,7 мыңнан астам үй магистральдық газ құбырына қол жеткізе алады. Бұдан басқа, 1-ші кезектің 4-ші іске қосу кешенін, сондай-ақ, 1-ші және 2-ші ӨК-нің үшінші кезегін іске асыру жөніндегі жоба шеңберінде газ тарату желілерінің құрылысы жалғасады. 2025 жылы табиғи газды №№8, 9, 9а, 85, 86, 86а, 86а, 87, 91а, 91б, «Отрадное», «Дружба Горка» шағын ауданын, АББ орамы мен «Нан зауыты» ауданының тұрғындары пайдалана алады. Көпқабатты үйлердің аулаларында газ тарату қондырғыларын қалпына келтіру бойынша ірі жобаны бастадық. Олардың басым бөлігі коммуналдық меншікке алынды, – деді шаһар басшысы.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button