Бас тақырыпЖаңалықтар

Теміртауда жолдағы шұңқыр үшін мердігерге айыппұл салынды

28 қазанда Теміртаудағы Бейбітшілік көшесі мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысында тас жол опырылып түсіп, жолда шұңқыр пайда болған еді. Қала әкімдігінің мәліметінше аталмыш ауданда су құбыры желілерін тарту және жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмысты орындаған мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық полиция бөлімі хабарлады.

Сурет: v.temirtau

– Б.Момышұлы даңғылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген заңды тұлға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолды күтіп ұстау талаптарын сақтамағаны үшін мердігерге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, заңды тұлғаға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның жол жүру бөлігін қалпына келтіру туралы бұйрығы шығарылды. Әкімдіктің мәліметінше, бүгін ол жерде диаметрі 300 мм құбыр дәнекерленеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button