Бас тақырыпЖаңалықтар

Теміртауда жақында ғана желіге шыққан жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Бүгін Теміртауда жақында ғана желіге шыққан қоғамдық көліктердің бірі өртенді. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше зардап шеккендер жоқ.

Сурет: ТЖД

Жақында Теміртауда 2017 және 2018 жылғы 6 LiAZ автобусы желіге шыққан болатын. Қазір олар №8 бағыт бойынша жүруде. Олар Алматы автопаркінен Теміртау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тегін берілген. Кейін көлік конкурс арқылы ТТС автопаркінің сенімгерлік басқаруында болған. Алайда, келісім-шарт талаптарына сәйкес, тасымалдаушының жауапкершілігі ағымдағы жөндеуді де, техникалық қызмет көрсетуді де қамтиды.

– Сағат 09:29-да Республика даңғылы, №9 үйдің жанында LiAZ маркалы №8 бағыттағы автобустың қозғалтқыш бөлігінде 2 шаршы метр аумақта жанғыш бөлшектер жанды. Төтенше жағдайлар қызметі келгенше жолаушылар автобустан өз бетінше шығып кеткен. Өрт сағат 09:49-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 10 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button