АймақТеміртау

Теміртаудағы Жеңіс тойы

Теміртау қаласының тұрғындары да 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығын салтанатпен атап өтті. Бұл күні қала əкімі Ораз Тəуірбеков бастаған тыл еңбеккерлері мен жұртшылық өкілдері осында қойылған соғыс құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Осы ескерткіш жанындағы гүлзар мен қаланың тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды «Естелік» экспозициясы көрсетіліп, Абай көшесінде Қали Байжанов атындағы облыстық концерттік бірлестіктің артистері мен жергілікті өнерпаздар əн мен күйден шашу шашты. Бұдан кейін олар қаладағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері Н.Куриленко, О.Шаповалова, О.Орынбаевтарды мерекемен үйлеріне барып құттықтап, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ.
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button