Руханият

Теміртауда өңірлік ақындар айтысы өтеді

26 қаңтар күні сағат 17.00-де Теміртау мәдениет сарайында ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Тұғыры биік Теміртау» өңірлік ақындар айтысы өтеді.

Сурет: gov.kz

Айтысқа жас ақындар Мұхтар Әділов, Доскей Ботпай, Еркеғали Бекболат, Нұрмұхаммед Байсүгір, Жандос Бақытұлы, Бекарыс Оспанов, Нұрсұлтан Рымбай, Жанарыс Тілеубек, Төрехан Совет, Әлихан Ерғали, Нұрлыбек Төкенов, Әлихан Сейфолла, Думан Самат қатысады.

Кештің жүргізушісі – Арқа ақындар мен жыршылар өңірлік мектебінің басшысы, белгілі айтыскер Айтбай Жұмағұлов.

Қосымша ақпарат алу үшін телефондар: 8-705-295-50-72, (8-7213) 91-28-64.

Кіру тегін!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button