АймақТеміртау

Теміртауда 670 ағаш отырғызылды

Экологиялық акцияға «Отражение» қоғамдық эко қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.

Сурет: ұйымдастырушылардан

– Бүгін жастармен бірге Теміртау экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Қаланы көгалдандырумен төртінші жыл қатарынан айналысып келеміз. Біз ағаштарға күтім жасау жауапкершілігін өз мойнына алатын тұрғындарға көшет таратамыз. Үш жылдың қорытындысына сай, желектердің жерсіну деңгейі 90% құрағанын көріп отырмыз. Демек, біздің тұрғындар ағаштарды күтуге жауапкершілікпен қарайды, – деді эко-белсенділердің жетекшісі Елена Варганова.

Теміртауда 5 мыңнан астам ағаш егу жоспарлануда. Бүгін 670 ағаш отырғызылды.

Әділет ШОПЕН,
ТЕМІРТАУ.

Басқа материалдар

Back to top button