Теміртау

«Теміртау» – тұғырда

   Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында «Теміртау» мен «Номад» командалары кездесіп, алғашқысы жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде қарағандылық спортшылар 1 шайба салып есеп ашты. Ал екінші кезеңде «Теміртау» мен «Номад» командалары шайба алмасты. Ойынның үшінші кезеңінде «Теміртау» ХК хоккейшілердің мерейі үстем болып, қарсыластар қақпасына үшінші шайбаны салды. Айта кетейік, ойынның үш кезеңі де аса тартысты өтті. Дегенмен, жерлестеріміз жарады, 3:2 есебімен «Теміртау» командасы жеңімпаз атанды.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button