Темірлан – жеңімпаз!
№1 Білім және инновация лицейінің түлегі Темірлан Амангелдин – Индонезия елінде жас физиктер арасында өткен халықаралық Олимпиададан күміс медаль иеленіп қайтты.
Джокьякарте қаласында өткен 48-ші халықаралық олимпиадаға 88 елден 400-ден астам оқушы қатысқан. Қарағанды облысының намысын қорғап келген Темірлан бұл жарысқа жолдама алмас бұрын, ХІІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасына, Ресей елінде өткен Азиада олимпиадасына қатысқан. Оның үстіне Темірлан Амангелдинов – барлық пәндер бойынша елімізде өткен республикалық олимпиадалардың жыл сайынғы жеңімпазы. Темірланның айтуынша, олимпиада барысында физика пәнінің тапсырмалары күрделі болғанымен, ол күміс медальді жеңіп аларына сенімді болған. Сөйтіп, жарыстағы жалпы есепте қазақстандықтар барлығы 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленді. Қазіргі таңда Темірлан Оңтүстік Корея елінде оқуға дайындалуда. Арманы – білікті инженер атану.
Аяулым СОВЕТ