«Тектілер ту көтереді» республикалық журналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астана қаласында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай өткен «Тектілер ту көтереді» республикалық журналистер байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсіміне «Сенімен Болашақ» Құрылтайшысы, идея авторы Нұркен Асанов, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «EgemenQazaqstan» республикалық газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және қатысты.
«Дүниенің 90–нан астам елінде үлкен-кіші қақтығыстар мен қан төгістер орын алуда. Оған көбіміз куәміз. Ел Президентінің салиқалы да сапалы саясатының арқасында аспанымыз ашық, ұйқымыз тыныш, бейбіт замандамыз. Дегенмен, “бағаламағанға бақ, қадірлемегенге құт қонбайды” демекші, осы бейбіт заманды пайдалана отырып азаматтық қоғам өкілдері сеніміне, нанымына, ұлтына, нәсіліне қарамастан бірлікті насихаттап, азаматтық қоғам қалыптастыруға сіз болып біз болып қызмет етуіміз шарт деп білем!» – деді Нұркен Асанов.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ге жуық баспа, интернет-басылым, радио және телеарна журналистері қатысып, ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, қоғамдық жауапкершілік, руханимұра және азаматтық ұстаным тақырыптарындағы жұмысын ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен төрт негізгі аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Баспа басылымындағы үздік мақала» номинациясы Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің бас редакторы Жанаргүл Қадыроваға, «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Мақпал Жұмашоваға, «Республикалық баспабасылымындағы үздік мақала» номинациясы «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің тілшісі Сәндібек Преновке, ал «Үздік радио немесеYouTube бағдарламасы» номинациясы QAZAQ RADIOLARY ЖШС «Шалқар» радиожурналисі Гүлнұр Омарханқызына берілді.
Сонымен қатар арнайы жүлделер Qamshy.kz ақпарат агенттігі, Павлодар облыстық «Ertis» телеарнасы, Қызылорда облыстық «Qyzylorda» телеарнасы, «Мұнара» газеті мен KAZ365.kzинтернет-порталы, Жамбыл облыстық «Jambyl-Taraz» газеті, Қарағанды облыстық «OrtalyqQazaqstan» газеті, Kazinform халықаралық ақпаратагенттігі, Dauletten.kz ақпараттық сайты, Президент телерадиокешенінің JIBEK JOLY радиосы жәнеПавлодар облыстық Halyq радиосының өкілдеріне табысталды.
«Бұл байқаудың басты мақсаты – қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген, елдің ертеңіне бейжай қарамайтын бастамашыл азаматтардың еңбегін кеңінен насихаттау. Өйткені мемлекет тек мемлекеттік институттардың ғана емес, әрбір саналы азаматтың жауапкершілігі мен жанашырлығы арқылы дамиды. «Тектілер ту көтереді» деген атаудың да өзіндік терең мағынасы бар. Біз үшін тектілік– шыққан тегіңмен ғана өлшенетін қасиет емес. Тектілік – адал еңбек, елге қызмет ету, азаматтық ұстаным, жауапкершілікжәне ортақ мүдде жолында жұмыла білу. Сондықтан «Тектілер ту көтереді» манифесті – Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын, қоғамдағы мәселелердің шешіміне өз үлесін қосуғадайын азаматтарды біріктіретін идея» – деп атап өтті «Сенімен Болашақ» бірлестігінің төрағасы Гульшат Серикбекова.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген қонақтар ұлттық рухты, азаматтық сананы және қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екенін атап өтті. Олар журналистиканың қоғамдағы оңөзгерістердің қозғаушы күші екенін айтып, осы бағыттағы шығармашылық жұмыстарды қолдауалдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.



