Шет

Тасқын суға тосқауыл әзір

    Шет ауданы әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхит МҰХТАРОВТЫҢ төрағалығымен “Көктемгі тасқын судың алдын алу іс-шаралары” тақырыбында отырыс болып өтті.

Отырыста Шет ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б.Арыстанбеков көктемгі су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайды болдырмау жөнінде атқарылар жұмыстар жөнінде баяндады.

Аудан аумағынан 140 текше метр қар шығарылып, көктемгі тасқын судың алдын алу мақсатында аудандық штаб құрамы бекітілді, округтерге штабтар құруға тапсырма берілген. Бүгінге дейін іс-шара жоспары жасалып, бекітіліп, ауыл, кент округ әкімдеріне, мекемелерге таратылған. Әр округте халықты қауіпсіз жерлерге көшіру орындары анықталып, көшіру сызбалары жасалуда.

Комиссия отырысында аудан әкімінің орынбасары ауыл, кент әкімдеріне, мекеме басшыларына нақты атқарылатын жұмыстарды тапсырды.

Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын жүргізу үшін инертті материалдар мен қаптар және техникалар, әрбір үйге жадынамалар таратуды, су тасқыны кезінде байланыстың тұрақты болуын, құлақтандыру құрылғылары орнатылған елді мекен әкімдеріне әр айдың 1-ші жұлдызында жүйенің жұмыс істейтіндігі туралы тексеріс жүргізіп, тексеріс актісін төтенше жағдайлар бөліміне жолдап отырулары керектігін, елді мекендердегі бюджеттік және жеке меншік ғимараттардың маңайын, шатырын қардан тазартуды тапсырып, орындау мерзімі белгіленді.

Мейрам ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button