Тамаша тарту
Газетке жазылу науқаны аясында ҚР АШМ ВБжҚК Осакаров ААИ мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы Аманбек ӘБДІКӘРІМОВ еңбек ұжымының зейнеткері Қуан КАМАЛҰЛЫНА тамаша тарту жасады. Айтары сол, инспектор ардагерге облыстық «Орталық Қазақстан» және ауданымыздың айнасы – «Сельский труженик» газеттеріне бір жылға тегін жазылу түбіртегін сыйға тартты.
Газетке жазылу науқаны басталғанын айтқан инспектор газетке жазылуда дұрыс насихат жұмысын жүргізу қажеттігіне тоқталды. Еңбек ұжымы да түгел аталған басылымдарға жазылуға ниет танытуда.
Зейнеткер Қуан Камалұлы қоғамдық, азаматтық көзқарастың қалыптасуындағы газеттің ролін айрықша атап өтті.
– Бүгін сіздер жаздырып берген газеттер ақпаратты түрлендіріп емес, оқырманына нақты дерек көзінен алып беретін, шынайы, тексерілген ақпаратты ғана жариялап келе жатқаны қуантады. Мемлекетіміздің, Елбасымыздың жүргізген саясатының дұрыс бағалануына, сол арқылы қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлес қосатын газеттің бояуын иіскемей, көңіліміз тыныш таппайды. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқан кезде газеттен бас тартуға болмайды. Газеттер болған, бар, бола да бермек, – деді еңбек ардагері.
Сержан СМАХАНҰЛЫ.