Руханият

Талантты балалар төрге озды

Қарқаралы ауданы, Аппаз ауылының жас актерлері елордадағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өткен ALASH STAR халықаралық байқауынан жүлдемен оралды. Олар байқауда Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы және «Арман әлемі» туралы ертегісін заманауи үлгіде ұсынып, Гран-при және І орын иеленіп қайтты. Сонымен қатар, Түркияда өтетін фестивальге жолдама алды.

 

Аппаз ауылында бірнеше жылдан бері театр үйірмесі жұмыс істеп келеді. Осы үйірмеге қатысатын қатысушылардың түгелі дерлігі ауыл жастары.

Аталған байқауға оқушыларды тәлімгер Алдиярхан Кәрім дайындаған. Ал, «Жусан иісі» спектакльіндегі басты рөлді 11 жастағы Бекарыс Қапыш сомдаған.

 

– Біздің театр үйірмеміз – Қарқаралы балалар өнер мектебінің филиалы. Мен өзім Аппаз ауылының тумасымын. Тәттімбет атындағы өнер колледжін бітіріп, туған өлкеме оралдым. Бірнеше жыл бойы балаларға актерлік шеберлікті үйретіп келемін. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде Бас жүлдені иелендік. Енді алға қойған жоспар көп. Келер жылы Түркияда өтетін байқауға дайындықты бастаймыз. Оған Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі повесі негізінде «Менің атым Қожа» спектаклін қоюды жоспарлап отырмыз. Әуелі, үйірмеге қатысатын барлық оқушылар бірігіп ауыл тұрғындары үшін үлкен қойылым қоямыз, – деді Алдиярхан Кәрім.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button