Тайжан тұтынған аяқ-табақ
Қасиетті Ұлытаумен қолтықтасқан Айыртаудың баурайындағы «Қараталда» кіндік қаны тамып, ХІХ ғасырдың аяғында «Сегізден бастап сенделдім» өлеңімен аты шыққан, өткен ғасырдағы отызыншы жылдардың ортасында ерекше дәуірлеп, іле-шала «халық жауы» ретінде атылып кеткен Тайжан ақынның тағдыры мен шығармашылығы туралы көзіқарақты оқырман азды-көпті білуі тиіс.
Әрине, өмірі өлеңмен өрілген тума талант ғұмырының басым бөлігін ел арасында өткізді. Шынайы өнерге шөліркеген жұртшылық сауын айтып ас бергенде, тойтомалақ өткізгенде сүйікті ақынын ат шаптырып алдыртып, әсем әнін түн қатып тыңдады. Бір қарағанға, жеке өмірі жоқтай көрінеді.
Ал, қалың елі талантына табынған Тайжанның көзден таса отбасылық тұрмысын ауылаймағы болмаса, былайғы жұрт біле бермесі анық. Қазір көзін көрген түгіл, ол жөнінде есті естелік естіген ересектің де қатары сиреп қалды. Тек бүгінге жеткен жәдігерге қарап, Тайжанның табиғатын тамтұмдап түсінгендей боласың.
Тайжан тұтынған ағаш ыдыс пен ағаш қасықты (суретте) ақынның туғанына 140 жыл толуына орай өткен желтоқсанда Жезқазған тарихиархеологиялық музейінде «Өресі биік өнер иесі» экспозициясы ашылғанда оның туған інісі Шубайдың келіні Гүлдәрі Оспанова тапсырған екен.
Әлібек ӘБДІРАШ.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.